«Жеңіс сарбазы» айдары. Дмитрий Степанов (1918-2002)
Кеңес Одағының Батыры, сержант
1918 ж. 22 қазанында Ақмола уезі Ақмола болысы Воздвиженкаселосында дүниеге келді. Еңбек жолын 1932 ж. ФЗо Ақмола мектебін аяқтаған соң паравоз депосында слесарь ретінде бастады. 1938 ж. бастап Кеңес Әскері құрамында. Оңтүстік-Батыс, Сталинград, 1-ші Украин майдандарына қатысты. Висла өзенінен өту барысында көзге түсті. 1944 ж. 30 шілдесінде Висла өзені арқылы Люблин воеводствосы Аннаполь қаласы аймағында 6 рейс жасап, жалпы саны шамамен 150 жуық жауынгерлер мен командирлерді қару жарақтарымен бірге өзеннен өткізеді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944ж. 23 қыркүйектің Жарлығымен Висла өзенінен өту барысында танытқан батылдығы мен ерлігі үшін сержант Д.Степановқа «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Горький қаласында, кейін Москва қаласында тұрып, еңбек етті. 2002ж.30 желтоқсанда өмірден өтті, Мәскеу қаласының Троекуровск зиратында жерленген.
Құрылған күні: 08.09.2020 13:30
Жаңартылған күні: 08.09.2020 13:30
Қаралым саны: 1811