Музейге жәдігер сыйла
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Музейге жәдігер сыйла» акциясы аясында ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыстық архив қызметінің ардагері, Ақмола облысы өлкетанушылар қоғамы төрағасының орынбасары, республикалық «Юридическая газета» газетінің меншікті тілшісі, облыстық музейдің ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі - Салық Гүлбаршын Дәкенқызы өзінің отбасы қорынан жеке заттарын, оның ішінде алаша, керосин шамы, шырша ойыншықтары, кокарда және т. б. табыстады. Қымбатты достар, біздің акция аясында сіздердің жәдігерлеріңізді қабылдауға қуаныштымыз!
Құрылған күні: 15.09.2020 15:52
Жаңартылған күні: 15.09.2020 15:52
Қаралым саны: 1332