Қала әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев облыстық музейде
Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің көрме залында маңызды оқиға! Ағымдағы жылдың 2 наурызы жұлдызында ҚР СО мүшесі, БКМ директоры Юлия Владимировна Желобкованың абстрактілі – экспрессивті живопись көрмесі өз жұмысын бастады. қала әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев аталған көрмені 3 наурыз күні тамашалады. Көрменің презентациясын автордың өзі өткізді. Суретші көрмесінің басты мақсаты оны өзін-өзі жеке тұлға ретінде жетілдіру, кескіндеме жанкүйерлеріне шығармашылық орта құру, және ең бастысы – экспозиция арқылы өзінің ішкі жандүниесінің мүмкіндігін ашу болып табылады. Ермек Боранбайұлы суретші стилінде туындыларындағы бояулар арқылы көңіл-күй сыйлау қабілетіне өз таңданысын білдірді және суретшіге шығармашылық шабыт пен табыс тіледі.
Құрылған күні: 03.03.2018 21:30
Жаңартылған күні: 16.04.2018 11:43
Қаралым саны: 2983