«Су – Жердің ең қымбат қазынасы»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының құрметті кен барлаушысы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор Айтқажы Қазбековтың 85-жылдығына арналған «Су – Жердің ең қымбат қазынасы» атты тақырыпта іс-шара болып өтті.
Іс-шараға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұстаздары, «Көкшетаугидрогеология» АҚ басшылары С.Ф. Соловьев, С.А. Хаметов, жұбайы Шами Шабитайқызы Қазбекова және оның жақын туған-туыстары мен жақсы таныстары шақырылса, «Өрлеу» БАҰО курсының тыңдаушыларымен іс-шара толықты.
Біздің жерлесіміз Айтқажы Қазбекұлы жарқын еңбек жолын өтті, оқушылар мен ізбасарларының бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Үлкен сый-құрметке ғылыми ортасы мен ұжымда ғана емес, сонымен қатар көкшетаулықтар арасында да ие болған, туған өлкенің табиғатын сақтауына шынайы қамқор жасаған адам. Іс-шараға қатысушылар Ақмола облысындағы су көздерін тазартудың экологиялық мәселелерімен де танысты.
Құрылған күні: 30.03.2018 18:50
Жаңартылған күні: 16.04.2018 11:47
Қаралым саны: 2377