Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Ілияс Есенберлин – Ұлы даланың даңқты баласы




Қазақстанда 2020 жылдың 30-шы маусым күні мәдени-ағартушылық, тарихи, музыкалық, этнографиялық, фольклорлық құндылықтарды, еліміздегі этностардың мәдени өмірін насихаттауға бағытталған жаңа танымдық «ABAI TV» телеарнасы өз жұмысын бастаған болатын.

Аталмыш телеарнада ұлттың рухани-ағартушылық және мәдени-интеллектуалдық деңгейін көтеру, жалпы адамзаттық кұндылықтар мен идеялар рухында тәрбиелеу мақсатында "Жәдігер" бағдарламасы ашылған.

Бағдарламаның кезекті шығарылымында біздің жерлесіміз, атақты қазақ жазушысы, ҚазКСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлинге арналған. Бұл шығарылымда Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы, ұрпақтары жайында сөз қозғалады және де Атбасар ауданында орналасқан Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінің қорында сақталған жеке заттары жөнінде де ақпарат беріледі.

Бағдарламадан ләззат алыңыздар!

Яндекс.Метрика

A+AA-