1 қазан – Халықаралық қарттар күні!
Құрметті қариялар! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қариялардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларының облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірді. Бүгін, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес. Алла Сіздерге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере - шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіздер.
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Қарттар күніне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында музей зейнеткерлерін мерекелерімен құттықтап, өндірістік пакеттер мен шағын естелік сыйлықтар табысталды.
Құрылған күні: 01.10.2020 15:48
Жаңартылған күні: 01.10.2020 15:48
Қаралым саны: 1428