Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінің ескерткіші – АҚТАС тұрағы
Ақмола облысының аумағында тас дәуірінің (палеолиттік) ескерткіштері аса көп емес. Көбінде олар таулы-қыратты жерлердің етегінде орналасқан. Аршалы кентінің (бұрынғы Вишневка) жанындағы ежелгі тұрақ-шеберхананы зерттеу Жоғарғы Ертіс аумағындағы ежелгі палеолит кезеңінде адамдардың пайда болуы мен мекендегендігі туралы мәлімет берді. Ғылым үшін Вишневка тұрағы құнды болып есептеледі. Сол сияқты Зеренді ауданындағы Жамантұз ауылының жанынан табылған соңғы палеолиттік АҚТАС тұрағы жақсы сақталған ескерткіштердің бірі болып табылады.
Бұл тұрақты Қ. Сәтпаев атындағы Геология Институтының Солтүстік Қазақстан экспедициясының барысында геолог В.Н.Матвиенко жетекшілігімен 1982 жылы алғаш табылған. 1983 жылы КазКСР ҒА зоология институтымен бірлесіп қазба жұмыстары жүргізілді. Онда археолог Г.Ф.Коробкова, палеозоолог Б.С.Қожамқұлова жұмыс істеді. Ол жерден төменгі төрттік фаунасы сүткөректілердің құлан, марал, бұлан, алғашқы дәуірдегі жабайы тур, арқар және т.б сүйектері, сонымен бірге ежелгі адамдар аң терілерін өңдеу және оны тігу кезінде пайдаланған сүйектен жасалған сүргілер және инелер табылды. Қазба жұмыстары кезінде сүйек құралдармен қатар көптеген тұрпайы еңбек тас құралдары және кварциттен жасалған дайындамалар: шапашот, сүргілер, балта және т.б. кездесті.
Соңғы палеолиттің екінші кезеңіне жататын ескерткіш Есіл және Нұра өзендерінің айырығында орналасқан Батпақ 7 тұрағы жатады. Сонымен қоса осы кезеңге ВишневкаІ, Мизар ескерткіштеріжатады. ВишневкаІ ескерткіші Аршалы ауданы, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Соңғы палеолитте адамдар Қазақстанның барлық аумағында мекендеді.
Осы археологиялық ескерткіштерге тән музей экспозицияда: қырғыштар, пышақтар, үшкір тастар, қырғылар, нуклеустер, кескіш, шапқылар, соққыштар, жаңқалар, балталар, қол шапқы-бифастар көрсетілген.
ОСЫ ӨҢІРДІҢ КӨНЕ ТАРИХЫ ҚЫЗЫҚ БОЛСА – МУЗЕЙГЕ ШАҚЫРАМЫЗҚұрылған күні: 04.04.2018 15:05
Жаңартылған күні: 16.04.2018 11:49
Қаралым саны: 7082