«Жеңіс сарбазы» айдары. Иван Терехин
Кеңес Одағынын Батыры, гвардия аға сержанты
1922 ж. 6 мамырында Ақмола губеринясы Балкашино ауданы Максимовка селосында дүниеге келді. 1941 ж. бастап Кеңес Әскері құрамында. 1943 ж. қазан айында гвардия аға сержаты Иван Терехин 38-ші Воронеж майданы 4-ші гвардия қарсы жойғыш артиллерия полкінің қаруын басқарады. Днепр өзенін өту барысында көзге түсті. 1943 ж. 12 қазанында Украин КСР Киев облысы Бродянск ауданы Блистовица селосының аймағында неміс тылына барлау жасау жорығына қатысты. 1943 ж. 17 қазанында Старые Петровцы мен Новые петровцы селоларының аймағында қоршауда қалған жау әскерінің шепті бұзып шығуға ұмтылыстарын оқ бортып тоқтадады. 1944 ж. 24 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия аға сержанты И.Терехинға «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін 1982 ж. дейін Қызылорда целлюлоза-картон комбинатында еңбек етті. 1983 ж. бастп зейнетте. Иван Терехин есімі Ақмола облысы Сандықтау орта мектебңне берілген.
Құрылған күні: 06.10.2020 16:48
Жаңартылған күні: 06.10.2020 16:48
Қаралым саны: 1614