Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Week of History

Week of History 0 Week of History 1 Week of History 2

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Көкшетау қаласының мектептерінде «Week of History» атты тарих апталығын өткізуде, бұнда облыс музейінің қызметкерлері оқушыларға музей қорындағы археологиялық және этнографиялық жәдігерлермен қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының тарихи материалдарымен таныстыруда.

Бүгін, археология бөлімінің ғылыми қызметкері Жасұлан Кәрімұлы «Қола дәуірінің әшекей бұйымдары» атты тақырыптағы музейлік сабақты Көкшетау қ. №4 орта мектебінің 5 сынып оқушыларына арнайы өткізді.

Музей қорынан ұсынылған жәдігерлердің Ақмола жерінен табылғандығына оқушылар қызығушылықпен қарады.  Сабақ барысында қойылған сұрақтарына өз жауаптарын алып, Қазақстанның көне тарихымен білімдерін бекітті.

Яндекс.Метрика

A+AA-