«Жеңіс сарбазы» айдары. Григорий Тихонов (1912-1944)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия лейтенанты
1912 ж. 10 сәуірінде Ақмола уезі Рузаев болысы Семеновка селосында дүниеге келді. 1923 ж. Көкшетау қаласындағы балалар үйіне қабылданды. Свердловск әскери мектебін тәмамдаған соң, бес жыл шекара әскерінде қызмет етті. 1938 ж. әскер қатарынан шығарылып, 1940 ж. қайтадан Қызыл Әскер құрамына шақырталып, Фин майданына жіберілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинград, Брянск және Орталық майдандарда соғысады. 1943 ж. 28 қыркүекте гвардия лейтенанты Григорий Тихонов Белоруссияның Гомель облысы Брагинск ауданы Нивки деревнясында көзге түсті. Оның эскадрон жау оғының астымен қолдан жасалған құралдармен Днепрден өтіп, плацдармды қолына алғаннан кейін Нивки деревнясына басып кіреді. 1944 ж. 15 қантардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия лейтенанты Г. Тихоновқа «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 ж. 13 ақпандағы шайқастардың бірінде Батыр атағы берілген бір айдан аз уақыт бұрын қайтыс болды. Ол Белоруссияның Мозырь қаласында жерленген.
Құрылған күні: 08.10.2020 10:46
Жаңартылған күні: 08.10.2020 10:46
Қаралым саны: 1632