Week of History
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Көкшетау қаласының мектептерінде «Week of History» атты тарих апталығын өткізуде, бұнда облыс музейінің қызметкерлері оқушыларға музей қорындағы археологиялық және этнографиялық жәдігерлермен қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының тарихи материалдарымен таныстыруда.
Көкшетау қ. №4 орта мектебінде өтіп жатқан тарих апталығының екінші күні ұлттық күміс әшекейлеріне арналды. «Күміс сиқыры» - «Магия серебра» экспозициялық-көрме жобасын жүзеге асыру аясында 10 сынып оқушыларына музей жинақтарының бейне көріністері ұсынылды. Оқушылар ұлттық әшекейлердің ерекшелігімен танысып, оны қолданудың қандай мақсат-міндеттері мен мән-мағыналары туралы ақпарат алды. Этнолог маманы А.А.Мурзабекова қолданыстан жойылып бара жатқан бұйымдардың кейбір үлгілерін көрсетті: маңдайша – бас киімге арналған әшекей, шекеліктер, күміс тіс тазартқыш пен құлақ тазартқыш және т.б.
Құрылған күні: 09.04.2018 21:10
Жаңартылған күні: 16.04.2018 11:54
Қаралым саны: 1739