«Жеңіс сарбазы» айдары. Василий Чеботарев (1918-1944)
Кеңес Одағының Батыры, «Смерш» әскери қарсы барлау бөлімінің гвардия лейтенанты
1918 ж. Ақмола уезі Рузаев болысы Гавриловка ауылында дүниеге келді. 1938 ж. бастап Кеңес Әскер қатарында. Ұлы Отан соғысы басталғаннан бері Хабаровсктегі 12-ші жеке атыс бригадасы снайперлік мектебіне жіберілді. Волхов пен Ленинград фронтында снайпер ретінде Чеботарев 60-тан астам неміс әскері мен офицерлерін жойды. Шайқаста үш рет жарақат алды. 1942 ж. жауынгерлік ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. «Смерш» басқармасының әскери қарсы барлау 1-ші мектебінде оқиды. 1944 жылы маусымда жаудың тылындағы бақылау тұтқындарын басып алу және Минск облысындағы Бобр ауылының маңындағы өткелді басып алу тапсырмасын орындау барысында, «Смерш» бөлімінің жедел уәкілі Чеботарев оннан астам гитлершілерді жойып, обер-лейтенантты тұтқынға алды, бірақ фашистермен қоршалып, аяусыз өлтірілді. 1945 ж. 29 маусымының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия лейтенанты В. Чеботаревқа қаза тапқаннан кейін «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның есімімен Минск, Рузаевка және Көкшетау қалаларындағы көшелер, сондай-ақ Гаврилов орта мектебі аталған. Батырға ескерткіш оның қайтыс болған жерінде Беларуссиядағы Бобр ауылында орнатылды. 2018 ж. В. М. Чеботарев (1918-1944) Почта России марка шығарылды.
Құрылған күні: 13.10.2020 19:12
Жаңартылған күні: 13.10.2020 19:12
Қаралым саны: 1682