«Жеңіс сарбазы» айдары. Михаил Чепрасов (1924-1943)
Кеңес Одағының Батыры, қызыл әскер жауынгері
1924 ж. Көкшетау уезі Айыртау болысы Шалкар ауылында дүниеге келген. Алматы облысы Сарканд қаласында тұрды. 1942 ж. Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1943 ж. Орталық майданның 13-ші армиясының 17-ші гвардиялық атқыштар корпусының 75-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 84-ші гвардиялық жойғыш-танкке қарсы дивизионының танкке қарсы зеңбірегін оқтаушы қызметін атқарды. 6 шілдесінде неміс әскері Поныри станциясы маңында үлкен танк күштерін жойып, шабуыл жасады. Чепрасов кіші сержант Петровтың әскери жасағының құрамында жаудың әскерімен ұрысқа түсіп, зеңбіректі қорғаныстың алдынғы шебіне шығарып, жаудың «Тигр» танктеріне 100 метр жақындаған тұста оқ ашып, шайқасады. Ол осы ұрыста ерлікпен қаза тауып, Курск облысы Понырев ауданы Ольховатка селосында бауырластар қабіріне жерленеді, бұл жерде батырларға мемориал орнтылған. 1943 ж. 7 тамызының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін қызыл әскер жауынгері М.М.Чепрасовке қаза тапқаннан кейін «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Құрылған күні: 19.10.2020 12:26
Жаңартылған күні: 19.10.2020 12:26
Қаралым саны: 1462