Облыстық музейдің ғылыми-әдістемелік кеңесі
Бүгін, 13 сәуір күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде кезекті ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысы өтті, Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залының тұжырымдамасын бекіту және Бурабай кенті тарихи музейінің тақырыптық – экспозициялық жоспарын бекіту мәселелері талқыланды. Отырысқа облыстық музейдің ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшелері қатысты: Абуев Қадыржан Қабиденұлы – профессор, тарих ғылымының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ң Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; Өтегенов Марат Зеннатұлы – тарих ғылымының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ң сырттай бөлімінің деканы; Буктугутова Роза Сабырқызы – тарих ғылымының докторы; Ахетова Алия Қойшыбайқызы – Көкшетау қ. «Таңдау» мектеп-гимназиясының тарих мұғалімі, тарих мұғалімдері Ассоциациясының мүшесі; Салық Гүлбаршын Дәкенқызы – өлкетанушы, журналист; Габдуллина Ботагөз Жәкенқызы – Көкшетау қаласының тарихы музейінің директоры.
Ғылыми-әдістемелік кеңесі мүшелерінің бірауызды шешімімен «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залының тұжырымдамасы мен Бурабай к. тарихи музейінің тақырыптық – экспозициялық жоспарын бекітіп, кеңесте айтылған кейбір ұсыныстар ескерілетін болды.
Құрылған күні: 13.04.2018 21:05
Жаңартылған күні: 16.04.2018 11:58
Қаралым саны: 2497