«Жеңіс сарбазы» айдары. Алексей Чернов (1924-1989)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия ефрейторы.
1924 ж. 30 наурызында Ақмола губерниясы Балкашино ауылында дүниеге келген. 1942 ж. бастап Кеңес әскер қатарында. 13-ші гвардия армиясы 121-ші гвардия атқыштар дивизиясы 313-ші гвардия артиллерия полкінің зеңбірек нысанашасы, ұлан ефрейторы А. Чернов Одер өзенінен өту барысында көзге түсті. 1945 ж. 27 қаңтарында 121-ші атқыштар дивизиясы гвардия ефрейторы Чернов шабуылдаушы батальонымен бірге бірінші болып өзеннен өтті. Қарсыластың қарсы шабуылын көрсете отырып, ефрейтор Чернов екі танкті, екі бронетранспортерды алты автокөлікті тура нысаналап атты, жеті пулеметтік пункті және алпыс жаудың жауынгерлерімен офицерлерін жойды. Батальон немістердің барлық қарсы қарсы шабуылдарына төтеп беріп, қосымша күш келгенше плацдармды ұстап тұрды.1943 ж. 10 сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін гвардия ефрейторы А. Черновқа «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан шығарылғаннан кейін А.Чернов Өскеменге оралды. 1989 ж. қайтыс болды. Өскемен қаласының Құрметті азаматы. Өскемен қаласындағы көшеге және Ақмола облысы Балкашино кентіндегі көшеге Батырдың есімі берілді.
Құрылған күні: 21.10.2020 17:24
Жаңартылған күні: 21.10.2020 17:24
Қаралым саны: 1487