«Жеңіс сарбазы» айдары. Виктор Шишлянников (1923-1954)
Кеңес Одағының Батыры, аға лейтенант
1923 ж. 26 сәуірде Волгоград облысы Дубовка қаласында дүниеге келді. 1931 ж. бастап Ақмола облысы Шортанды кентінде өмңр сүрді. 1938 жылдан бастап Шортанды жиһаз фабрикасында темір ұстасы болып жұмыс істеді. 1942 ж. бастап Кеңес Әскер қатарында. Шайқаста Днепрді өту барысында көзге түсті. 1943 жылдың қыркүйегінде Шишлянников КСР Украина қаласы Киев облысы Гребени ауылының маңында Днепр қиылысымен өтті, орман алабына бір жарым километрге ентелей жүрді, кейін жаудың позицияларына оқ атып, жаяу әскердің 2 ротаға жуық жойды. Шишлянниковтың әрекеттері полк қапталынан жау әскерлерінің шабуылының қауып-қатерін жоюға үлес қосты. 1943 ж. 24 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені А.И. Шишлянниковқа «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Кеңес Әскерінде қызмет етті. Батыр құрметіне Дубовка қаласындағы көшеге, саябаққа оның есімі берілді, туылған үйінде, Шортанды ауылында жиһаз фабрикасы ғимаратына мемориалдық тақталар орнатылды. 1954 ж. 30 маусымда кенеттен қайтыс болды. Волгоград қаласында жерленген.
Құрылған күні: 23.10.2020 11:20
Жаңартылған күні: 23.10.2020 11:20
Қаралым саны: 1626