«Жеңіс сарбазы» айдары. Сергей Юдин (1934-1983)
Кеңес Одағының Батыры, аға лейтенант
1916 ж. 6 тамызда Ақмола облысы Балкашино ауданы Новоромановка ауылында дүниеге келді. Талдықорған қаласында орта мектебін тәмамдайды, 1934 ж. бастап жергілікті зауытының қызметкері. 1937 ж. бастап әскер қатарында, Хасан өзеніндегі ұрыстарға қатысқан. 1939 ж. кіші лейтенанттарының курсын бітіргеннен кейін, Сахалин аралындағы 79-шы атқыштар дивизиясы 157-ші атқыштар полкі взвод командирінің орынбасары және атқыштар рота командирінің орынбасары. Милитаристік Жапонияға қарсы шайқастарға ерекше көзге түсті. Оңтүстік Сахалин үшін шайқас кезінде аға лейтенант Юдиннің басқаруымен 79-шы дивизиясы жасағы ұйымдастырылып, жауға қарсы батыл іс-қимылдар көрсетті. 660 адамнан тұратын топ, барлауды ойдағыдай өткізді, жаудың артын жайпап салды, жаудың бекіністеріне шабуыл жасады. 1945 ж. 14 тамызында Юдиннің ротасы Котон күшейтілген аймағын басып аларда, 3 нүктені тартып алды, жаудың жоғары күштерін жеңді. Шайқас кезінде командир жарақат алды, бірақ қатарда қалды. 1945 ж. 8 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені аға лейтенант С.Юдинға «Алтын жұлдыз» медалі және Ленин ордені қоса Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін әскерде қызмет етуін жалғастырды. 1953 ж бастап запаста. Ол Черкассы (Украина) қаласында тұрды. 1983 ж. 21 желтоқсанда қайтыс болды.
Құрылған күні: 26.10.2020 12:57
Жаңартылған күні: 26.10.2020 12:57
Қаралым саны: 1618