Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Өзбек мақамдары

Өзбек мақамдары 0 Өзбек мақамдары 1 Өзбек мақамдары 2 Өзбек мақамдары 3 Өзбек мақамдары 4 Өзбек мақамдары 5 Өзбек мақамдары 6 Өзбек мақамдары 7 Өзбек мақамдары 8 Өзбек мақамдары 9 Өзбек мақамдары 10

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған «Өзбек мақамдары» атты көрме ашылды. Көрменің қонақтары : «Ақмола Қазақстан халқы ассамблеясының «Қоғамдық келісім» КММ, «Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ, Көкшетау қ. білім бөлімінің «№5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясы» КММ мектеп ассамблеясының мүшелері, балалар көркем сурет мектебінің оқушылары. Қазақ, орыс, өзбек тілдерінде Динара Нуралиева, Диляфруз Сартова, Сүлейменова Ясмина өлең жолдарын оқыса, балалар шығармашылық орталығының «Жұлдыздар» үлгілі вокалдық тобының қазақ, орыс, өзбек тілдерінде әндері шырқалды. Қонақтар риштан керамикасы, «Пахта» ташкент фарфоры, қызықты мүсіншелер көрсетілген көрменің бөлімдерімен танысты. Ал «Шафран» және «Фирдоуси» кафелерінің өкілдері өзбек дәстүрлі асханасының құпияларын көрермендерге ұсынды. №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясы мектеп ассамблеясының мүшесі Диляфруз Сартова кестеленген әйел адамның аяқ киімін музейге сыйға тартты.

Яндекс.Метрика

A+AA-