«Жеңіс сарбазы» айдары. Михаил Янко (1918-1945)
Кеңес Одағынын Батыры, кіші лейтенант
1918 ж. 18 тамызда Көкшетау облысы Всеволодка ауылында дүниеге келді. Алтыншы сынып бітіргеннен кейін «Буденное» колхозында жұмыс істеді. Орта мектпетің 10 сыныбын бітірген. 1940 ж. Қызыл әскерге шақырылған. 1943 ж. әскери-теңіз авиация училищесін бітірді.
1945 жылдың мамыр айынан бастап флоттың шабуыл авиациясының 37-ші полкінде буын командирі болды. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес-жапон соғысының басталуымен полк құрамында Юки портында 2 жауынгерлік ұшулар жасады, екінші рет шабуыл соққысымен жау күзетшісін өртеп жіберді. 1945 ж. 10 тамызда полк құрамында Ракин портына (Расон, Нанджин) шабуыл жасады. Маневрден шығу кезінде ұшақтын моторына зеңбірек түседі, сол кезде М. Янко Гастелло ерлігін қайталайды. 1945 ж. 14 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін М.Янкоға қаза тапқаннан кейін « Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Всеволодка ауылы жаңындағы Целинный теміржол станциясы оның есімімен аталынады. Саумалкөл ауылындағы №1 орта метебі және көшелердің бірі Батырдың есімімен аталған, және Көкшетау қаласындағы көшеге М.Янко есімі берілді.
Құрылған күні: 05.11.2020 12:44
Жаңартылған күні: 05.11.2020 12:44
Қаралым саны: 1718