ОНЛАЙН-БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ !!!
Қымбатты достар! Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысының музейлері арасында «Үздік экскурсовод-2020» облыстық онлайн-байқауын жариялайды.
ОНЛАЙН-БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- музей кәсібінің беделін арттыру;
- экскурсия жүргізу әдістерін қолдануды кеңейту;
- экскурсиялық теория білімін тереңдету;
- музей қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
- музей қызметін насихаттау;
ОНЛАЙН-БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
Өтінім беру мерзімі - 2020 жылғы 9-11 қараша (қоса алғанда)
Материалды ұсыну мерзімі (портфолио, бейне-ролик): 2020 жылғы 12-20 қараша (қоса алғанда)
Байқаудың екінші кезеңі (Instagram және Facebook-те онлайн дауыс беру):2020 жылғы 23-25 қараша (3 күн)
Қазылар алқасының бірінші және екінші кезеңдердің материалдарын қарастыру: 2020 жылғы 26-27 қараша
Байқаудың үшінші кезеңі (ZOOM платформасы) - 2020 жылғы 26 қараша
Қорытынды шығару: 2020 жылғы 30 қараша akmo_muzei инстаграмм әлеум.желісінде (тікелей эфирде).
ОНЛАЙН-БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
І КЕЗЕҢ. «ЭКСКУРСОВОД ПОРТФОЛИОСЫ» - қатысушы портфолионы басып шығарылған түрде ұсынуы тиіс.
ІІ КЕЗЕҢ «МЕНІҢ МУЗЕЙДЕГІ ТАРИХЫМ» - әрбір қатысушы экскурсияның үзінділерін бейне-ролик форматында көрсетуі тиіс.
ІІІ КЕЗЕҢ «ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ» - қазылар алқасының мүшелері әр қатысушыға экскурсиялық қызметпен байланысты сұрақтар мен тапсырмалар береді (сұрақ-жауап, импровизация).
КОНКУРСАНТТАРҒА БЕРІЛЕТІН НОМИНАЦИЯЛАР
- «Көрермендер көзайымы» - Іnstagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі көрермендердің лүпілдерінің саны бойынша бағаланады.
- «Үздік театрализация» - қатысушының актерлік шеберлігі бағаланады.
- «Тақырыпты жақсы түсіну мен білу» - қатысушының білімі бағаланады
КӨРЕРМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЦИЯ:
- «Үздік комментатор» - жанкүйерлердің креативті пікірі бағаланады
!!! БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША «ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД-2020» ГРАН-ПРИ (АҚШАЛАЙ СЕРТИФИКАТ, СТАТУЭТКА), 1, 2 ЖӘНЕ 3 ОРЫНДАР (АҚШАЛАЙ СЕРТИФИКАТТАР) АНЫҚТАЛАДЫ.
Құрылған күні: 05.11.2020 18:07
Жаңартылған күні: 05.11.2020 18:07
Қаралым саны: 1469