18 мамыр – Халықаралық музейлер күні
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жылсайынғы дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы болып өтті.
Акцияның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұрамызбен байланысты ерекше бағдарламаларды жасау арқылы келушілердің назары мен қызығушылығын арттыру.
Бүкіләлемдік «Музейлер түнінің» басты ұраны – келушілерге ашық болу. Музейге келушілер XIX ғ. аяғы мен XX ғ. бас кезіндегі тарихи атмосфераға еніп, осы кезеңнің киімдерімен бірге «Кербез» атты ретро фотоательеде суретке түсулеріне мүмкіндіктері болды.
Музей залдары бойнша экскурсияны ең бірінші рет біздің қаламыздың жұлдызды қонақтары: Соломина Валентина Алексеевна – еңбек ардагері, қалалық ардагерлер кеңесі басшысының орынбасары; Ахетова Алия Қойшыбайқызы – журналист, «Таңдау» гимназия мектебінің тарих пәнінің мұғалімі; Сәрсенбай Хасенов – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисті жүргізді.
«Музейдегі түн» акциясы шеңберінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің «Жаңғырған рух – жаңарған дәуір» атты көрмесінің ашылуы болды.
Интерактивтік алаңқайларда келушілер 19-20 ғасырдың күнделікті тұрмыста қолданылған заттарымен жақынырақ танысты. Сыйлық дүкеншелерінде қолданбалы шеберлер өз жұмыстарын ұсынды, музейге келушілер өздеріне қалаған кәдесыйларын естелікке алды.
Ал іс-шараның ашылуы музейдің дәстүрлі ретро дефилесінен басталды, көрсетілім барысында музейдің қызметкерлері ХХ ғ. орта кезіндегі киім үлгілерін ұсынды.
Кештің ең қызықты тосынсыйы автоклуб болды, таза ауа мен импровизацияланған экранда үнділік, теңдесі жоқ Метхун Чакрабортидің ойнауындағы «Храм любви» (1984 ж.) көркем фильмі көрсетілді. Күннің салқындығына қарамастан үнді фильмінің жанкүйерлері толықтай көріп, әсер алды, ал киносеанстан кейін көрермендер өз әсерлерін музей қызметкерлерімен бөлісті.
Құрылған күні: 17.05.2018 22:55
Жаңартылған күні: 18.05.2018 19:58
Қаралым саны: 2527