1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, 1949 жылы қазан айында Париж қаласында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгрессінің шешімімен құрылған , алғаш рет 1950 жылы мерекеленді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шарасын өткізді.
Іс-шара мақсаты: Өскелең ұрпақтың тарихқа, мәдениетке, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шара барысында музей залдары бойынша экскурсия, «Жаңғырған рух – жаңарған дәуір» көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия, флеш-моб, ойындар мен концерттік бағдарламалар өткізілді. Сонымен қатар, «Табиғатқа көзқарас» залында бүлдіршіндерге арналған мультфильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Көкшетау қаласы мектептерінің жанындағы лагерь оқушылары қатысты.
Құрылған күні: 02.06.2018 19:36
Жаңартылған күні: 04.06.2018 18:40
Қаралым саны: 2173