2020 жылдың 3 желтоқсанында Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК Алтын Орданың 750 жылдығына арналған ZOOM платформасында «Еуразия даласының тарихы мәнмәтінінде Алтын Орда тарихнамасының өзекті мәселелері» атты speech-time өткізді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылы республикада Алтын Орданың және Талас құрылтайының 750 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Бұл оқиға маңызды тарихи мәнге ие. Себебі ол қазақстандық тарихнама мен түркі халықтарының тарихын дамытуда негізгі рөл атқарды, атап айтқанда Қазақстан Алтын Орданың мұрагері болып табылуы мүмкін, бұл дәуір қазақ этносы тарихының түзілу кезеңі және Қазақ хандығы тарихы мен біздің тарихымыздың көне қабаттары арасындағы аралық бекітуші буын болып табылады.
2020 жылдың 3 желтоқсанында Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК Алтын Орданың 750 жылдығына арналған ZOOM платформасында «Еуразия даласының тарихы мәнмәтінінде Алтын Орда тарихнамасының өзекті мәселелері» атты speech-time өткізді.
Іс-шараның мақсаты: қазақтардың көпғасырлық тарихи-мәдени дәстүрлерін сенімді жалғастырушы және дамытушы ел ретінде Қазақстанның бейнесін қалыптастыруға қызмет ететін Еуразиялық тарихи-мәдени кеңістік мәнмәтінінде Алтын Орда тарихын зерттеудің қазіргі заманғы мәселелерін өзектендіру.
Speech-time жұмысына Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының м.а. Г.С. Бекназарова, сондай-ақ Қазақстан және Ресей ғалымдары мен сарапшылары, шығармашылық интеллигенция, ЖОО-ның оқытушылары, Қазақстан Республикасы музейлерінің ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Баяндамаларымен сөз сөйледі:
• доцент, қашықтықтан оқыту бөлімінің деканы Марат Зеннатұлы Утегенов - «Қазақ хандығы Алтын Орданың тікелей мұрагері» (Көкшетау қ., Қазақстан).
• Қорған мемлекеттік университетінің Гуманитарлық институтының директоры, т.ғ.к. Денис Николаевич Маслюженко - «Сибирские государства Шибанидов в постордынское время: хронология, территория, основные элементы государственности» (Қорған қ., Ресей).
• Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Margulan centre» археологиялық орталығының директоры, т.ғ.к. Тимур Нұрланұлы Смағұлов - «Археологическое наследие Улуса Джучи северо-восточной Сарыарки. История изучения и новые открытия». (Павлодар, Қазақстан).
• Әлемдік саясат және әлемдік экономика институтының жетекші сарапшысы, Ph.D. Жақсылық Мұратұлы Сәбитов - «Казахстанская историография истории Золотой Орды». (Нұр-Сұлтан, Қазақстан).
• * А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетінің Халықаралық қатынастар және тарих кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты Ирина Александровна Мухамедиева – «Исторический образ Касимовского царя казахского султана Ураз-Мухаммеда – потомка «потрясителя Вселенной» - Чингизхана» (Көкшетау қ., Қазақстан)
• Ш. Уәлиханов ат. КМУ докторанты Талапкер Әскерұлы Уәлиев - «Алтын Орда отандық және шетелдік тарихнамасы» (Көкшетау қ., Қазақстан).
• А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетінің Халықаралық қатынастар және тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Мәншүк Маратқызы Даирова - «Алтын Орда тарихын ғылыми зерттеудің тарихнамалық зерттеуі • (Көкшетау қ., Қазақстан)
Аталмыш іс-шара ғылыми қоғамдастық арасында ақпарат алмасу және қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін өзіндік алаңына айналды, нәтижесінде мақалалар жинағы шығарылады, бұл жұртшылық тарапынан үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз.
Құрылған күні: 03.12.2020 12:53
Жаңартылған күні: 03.12.2020 15:27
Қаралым саны: 1207