2020 жыл Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің барлық ұжымы үшін маңызды жыл болды, біз 100 жыл жасадық
2020 жыл Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің барлық ұжымы үшін маңызды жыл болды, біз 100 жыл жасадық. Осы мерейтойлық күн аясында короновирус пандемиясына қарамастан офлайн және онлайн режимде көптеген іс-шаралар өткізілді. Қазақстан мен Ресейдің белгілі ғалымдары, тарихшылары мен музеологтарының қатысуымен өткен «Музей тарихы – біздің жадымыздың тарихы» атты Халықаралық ғылыми – практикалық онлайн – конференция іс-шаралар кезегіндегі маңызды оқиға болды.
Ақмола облысы әкімдігінің, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен біздің музейдің ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдің бүкіл мәдениетінің имидждік жобаларының бірі жүзеге асырылды – бұл «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасы, ол біздің ортақ тарихымыздың тағы бір құпиясын ашады. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына – 2020» республикалық байқауындағы «Облыстық маңызы бар үздік мемлекеттік музей» номинациясындағы жеңіс біздің өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және көпшілікке тарату ісіндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға үлкен ынталандыру береді.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев басшылық ететін Ақмола облысының әкімдігіне, басшының м.а. Гүлмира Саматқызы Бекназарова жетекшілік ететін Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің жетістіктерімізді атап өтіп, еңбегімізді жоғары бағалағандары үшін үлкен алғыс білдіреді.
Музей ұжымы баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды және біздің ортақ үйімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнп тұрсын!
Құрылған күні: 14.12.2020 19:04
Жаңартылған күні: 14.12.2020 19:04
Қаралым саны: 1035