Бүгін ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымының жиналысы өтті
Бүгін ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымының жиналысы өтті. Ұжымның басым бөлігі қашықтан жұмыс режимінде, ал филиалдар Ақмола облысының әр түкпірінде орналасқанына қарамастан, барлығы қатыса алды. Музей директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов барлық ұжымды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерге бірнеше номинациялар берілді:
1. Үздік музей меңгеруші – І.Есенберлиннің әдеби музейінің меңгерушісі У. Д. Комбатурова
2. Үздік қор сақтаушы – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор бөлімінің аға ғылыми қызметкері Д.Т.Жакупова
3. Үздік музей қызметкері – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г. Н. Агубаева
4. Үздік онлайн жұмыс – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі А.Б.Айдарбекова
Номинацияның жеңімпаздары дипломдармен және естелік мүсіншелермен марапатталды.
Сондай-ақ музей ұжымының еңбегін Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаев және Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының м. а. Г.С. Бекназарова лайықты бағалады. Жиналыста алғыс хаттардың мәтіндері оқылды.
Құрылған күні: 15.12.2020 18:11
Жаңартылған күні: 15.12.2020 18:12
Қаралым саны: 1225