«Елбасы және Тәуелсіздік» атты жаңа экспозицияның ашылуы
Ақмола облысында 2018 ж. 6 шілде күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20-жылдығына орай, Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінде "Елбасы және Тәуелсіздік" залының салтанатты ашылуы өтті. Музейдің жаңа экспозициясы атақты мемлекет қайраткері, Елбасымыздың ниеттесі мен серіктесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасының директоры Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтың жеке жәрдемімен ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі М.К.Мырзалин, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының І орынбасары Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов, қоғам өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялылар қауымы, облыстың жастар бірлестігі қатысты.
Іс-шара барысында Астана қаласының қонағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке мұрағатының картинасы мен жәдігерлерін музейге сыйға тартып, облыстық музейдің жаңа залының экспозициясын толықтырды.
Құрылған күні: 06.07.2018 17:34
Жаңартылған күні: 09.07.2018 12:52
Қаралым саны: 1825