Құрметті достар, 2020 жылы Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек хан кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасын бастаған болатын
Құрметті достар, 2020 жылы Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек хан кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасын бастаған болатын. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар Л.Гумилев ат. ЕҰУ-ң Қ.Ақышев ат. ҒЗИ және ҚР Ұлттық музейінің мамандары қатысты.
Археологиялық жұмыстар барысында 5 жерлеу орны ашылды. Олардың бірі - 3-ші жерлеу орны – жұптық болып шықты, оған қоса жерлеу құрал-саймандары да болды. Жерленгендермен бірге 13 тиын салынған.
Табылған антропологиялық материал – жеке тұлғалардың 6 қаңқасы – Уфа қаласында (Башқұртстан Республикасы, Ресей) антропологтарға одан әрі зерттеуге берілді. Бастапқы нәтижелер жерленгендердің жыныстық және жас ерекшеліктерін ашады (ер адам 50-60 жас, әйел 30-40 жас). Сондай-ақ, бас сүйек бойынша екі жерленуші –3-ші жұптық жерлеу орнынан табылған ер мен әйелдің сыртқы келбеттері қалпына келтірілді.
Бүгін, сіздердің назарларыңызға т.ғ.к., антрополог, Ресей Ғылым академиясының Уфа федералды зерттеу орталығының тарих, тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері Алексей Нечвалода қалпына келтірген ер (50 – 60 жас) мен әйелге (30 – 40 жас) тиесілі бас сүйектердің антропологиялық реконструкциясын ұсынамыз.
Құрылған күні: 29.12.2020 17:38
Жаңартылған күні: 29.12.2020 17:38
Қаралым саны: 1310