Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық жинағы 2020 жылғы қарашадағы жағдайы бойынша 391 сақтау бірлігін қамтитын 3 коллекциядан тұрады
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық жинағы 2020 жылғы қарашадағы жағдайы бойынша 391 сақтау бірлігін қамтитын 3 коллекциядан тұрады. Коллекциялық жинақтың негізгі бөлігі ғылыми жұмысқа арналған қор сақтау қоймасында сақталады, коллекция жәдігерлерінің басқа бөлігі экспозицияда ұсынылған.
Табиғат және экология бөлімінің қызметкерлері кешенді зерттеулер жүргізді, алынған деректер негізінде палеонтологиялық коллекцияларды топтастырып, жүйеледі.
Музейлердің палеонтологиялық коллекциялары ғылыми және мәдени мұраның маңызды құрамдас бөлігі, қазба ағзаларын, палеобиогеография және биостратиграфияны жүйелеудің заттай негізі болып табылады. Коллекцияларды зерттеуде қазба жануарларының жаңа түрлері анықталуы мүмкін.
Қымбатты достар, назарларыңызға ABAI TV телеарнасының «Қазба қазыналары» бағдарламасын ұсынамыз. Бағдарлама аясында Ақмола облысының палеонтологиялық мұрасы жайында баяндаймыз.
Бізбен бірге болыңыздар!
Құрылған күні: 05.01.2021 18:07
Жаңартылған күні: 05.01.2021 18:07
Қаралым саны: 1174