Бурабай ауылының тарих музейі қонақ қарсы алуда!!!
17 маусым күні Бурабай к. тарихи музейін, сондай-ақ «Ботай – Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық - этнографиялық музейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова отбасымен бірге тамашалады. Меруерт Айтқажықызы музейдің жаңа экспозициясына оң баға берді, қонақтар экспозицияда отбасыотағасы, профессор, ғалым - гидрогеолог Айтқажы Қазбековтың қызметі көрініс тапқан «Бурабай ауданының зерттеушілері» залын ерекше мақтан тұтты.
Сапар барысында қонақтар отбасылық мұрағат кітаптарын музейге сыйға тартты.
Құрылған күні: 18.07.2018 12:38
Жаңартылған күні: 18.07.2018 12:38
Қаралым саны: 2429