Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Степногорск тарихи – өлкетану музейі

Степногорск тарихи – өлкетану музейі 0 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 1 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 2 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 3 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 4 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 5 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 6 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 7 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 8 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 9 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 10 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 11 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 12 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 13 Степногорск тарихи – өлкетану музейі 14

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында, Степногорск қ. әкімдігі мен «Қазақалтын Technology» ЖШС қолдауымен музейде күрделі жөндеу мен жаңа экспозицияны құрудағы көркемдік-безендіру жұмыстары жүргізілді.

Музей экспозициясы 5 залдан тұрады, әрқайсысы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихын көрсетеді: кіріспе залы, табиғат және археология залы, этнография залы, жауынгерлік даңқ залы мен «Қазіргі заман» залы.

Кіріспе залында келушілерге  Ақмола облысының картасы,  "Степногорск қаласы", "Шантөбе алғашқы өндіруші кеніштері" диорамалары ұсынылған.

"Табиғат және археология" залында бай археологиялық материалдар ұсынылған – бұл Степногорск қ. маңындағы Шондынқорасы шатқалында өткен археологиялық экспедицияларда жиналған жинақтамалар, "Су әлемі" және "Дала" панорамалары.

"Этнография залында" үй тұрмысындағы түпнұсқа жәдігерлер, қазақтардың этномәдениеті мен халық қолданбалы шығармашылығы ұсынылған. Зал экспозициясы қазақ халқы тұрмысының ерекшеліктерін, оның  мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетеді.

"Жауынгерлік даңқ залында" келушілерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысушыларының фотогалереясы ұсынылған. Диорамада  Ұлы Отан соғысы шайқасының сахнасы, сондай-ақ келушілер үшін майдангерлердің жеке заттары, майдан хаттары ұсынылған.

"Қазіргі заман" залында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары ұсынылған. Ақпараттық стендтер, алдыңғы қатарлы қала түзуші кәсіпорындарының макеттері мен жәдігерлері ұсынылды. Сондай-ақ, залда қала мен оның алғашқы құрылысшыларының тарихымен байланысты фотоматериалдар, құжаттар, жәдігерлер ұсынылған.

Жаңа экспозицияның алғашқы келушілері - олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының бокс Федерациясының вице-президенті,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бокс жаттықтырушысы - Ермахан Ыбрайымов ; олимпиада чемпионы, "AstanaArlans" жартылай кәсіби бокс клубының Бас менеджері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері - Бахтияр Артаев;  қазақстандық боксшы, Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы - Нұржан Кәрімжанов болды.

Яндекс.Метрика

A+AA-