«Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» музей ғылыми - зерттеу жобасы
«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» ғылыми - зерттеу жобасының жұмысын жалғастыруда. Жобаның мақсаты: Есіл өзеніне кешенді зерттеу жүргізу; ландшафттағы өзеннің рөлін анықтайтын негізгі сипаттамаларды анықтау; мектептердегі жергілікті тарих жұмыстарын насихаттау. Ekoday форматындағы жобаның бастауы 2018 жылдың 14 мамыр күні «Табиғат» Қазақстан экологиялық одағының ассоциациялары мен кәсіпорындарының Президенті Елеусізов Мэлс Хамзаұлының; биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АСХН және РАЕ академигі, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ң профессоры, "Эко-Көкше" экологиялық орталығы" ҚБ-ң директоры, Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі - Хусаинов Әбілжан Toқанұлының, сондай-ақ экология, биология және археология саласы ғылымдарының, департамент, экология және табиғатты пайдалану басқармаларының, табиғатты қорғау мекемелерінің басшылары мен мамандарының, студенттер, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өтті. Осы жобаның шеңберінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстанның солтүстік өңірлерін қадағалайтын тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры В.Ф. Зайбертпен бірлесе отырып маусымның 9-17 аралығында Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарының шекарасындағы, Есіл-Шағалалы өзендерінің аралығындағы орналасқан археологиялық ескерткіштерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қола дәуірінің Петров мәдениетіне (б.з.д. XVII–XVI ғғ.) тиесілі қорған зерттелді. Қоладан жасалған бірнеше жәдігерлер табылды. Олардың қатарында моншақтар, ілгіштер, бойтұмарлар, қола кресттер, пышақтың бөлігі мен мойынға тағатын гривна табылса, сонымен қоса үш қыш ыдыс табылды. Барлық табылған жәдігерлер зерттеліп, камералдық және лабороториялық өңдеу жұмыстарынан өткен соң музей экспозицияларында өздерінің тиісті орындарын алады. Осы жобаны іске асыру барысында келесі іс-шаралар жоспарлануда:
- «AKMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар көрмесі
- Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Эcо-day» акциясы
- кешенді экспедициялар (Жарқайың, Жақсы, Есіл, Атбасар, Целиноград, Астрахан, Аршалы аудандары және Астана қ.)
- Қала мектептерінің оқушылары үшін «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» дәрісі
- Жобаның нәтижесі. «Есіл өзені: экология, тарих, мұра» ғылыми - практикалық конференциясы
Құрылған күні: 24.07.2018 10:04
Жаңартылған күні: 24.07.2018 10:07
Қаралым саны: 2567