Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында, Қазақстанның Елордасы – Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Елбасы және Тәуелсіздік» залының жаңа экспозициясы ашылды.
Музей экспозициясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық тәжірибесі Тәуелсіз Қазақстан тарихы арқылы анықталады. Еуразия кеңістігінде және әлемдік сахнада танылған өңірлік көшбасшы болған Елбасының тыныс-тіршілігі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жаңғырудың тарихи тәжірибесі арқылы көрермен қауымына ұсынылады.
«Елбасы және Тәуелсіздік» экспозициясы Елбасының нақыл сөздерімен басталады: «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысы Қазақстан үшін дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Бетбұрыс уақыты болды. Егемен ел атанып, Тәуелсіз мемлекет құру – Еуразияның байтағын мекен еткен байырғы халықтың мыңжылдық тарихындағы ғажайып сәт еді. Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде. Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын – озат ойлы, жаңашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел білімге дем қойып, қажырлы еңбек пен өзін-өзі толассыз жетілдіруді өмір салтына айналдыру қажет. Демек, бүгін де болашақ үшін құлшына іске кірісетін, жігеріміз жанып, санамызды өзгертетін сәт тағы туып тұр. Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді».
Орталық экспозицияда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Мемлекет конституциялық заңдары, Еліміздің Ата Заңы – ҚР Конституциясы, ҚР Ұлттық валютасы – теңге ұсынылған. Тәуелсіздіктің нығаю тарихы жаңғыруының үш кезеңімен көрсетілген.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мәтіні бекітілді. Содан бері бұл күн – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні болып мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – әрбір дербес мемлекеттің ажырамас бөлігі, мемлекеттіліктің символы болып саналады.
Қазақстан Мемлекетінің Елтаңбасымен туы 1992 жылы 4 маусымда қабылданды, 1992 жылы желтоқсанда Республиканың Мемлекеттік Әнұранының мәтіні мен әні белгіленді. 1996 жылы 24 қаңтарда ҚР Президентінің Конституциялық Заңды күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңын қабылдап, олардың сипатымен ресми пайдаланылуы туралы Жарлығы бекітілді.
2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстанның заңы қабылданды
Мемлекеттік Туы. ҚР Мемлекеттік жалауының жобасын жасау байқауына 600 жоба қатысты. Байқаудың жеңімпазы Шәкен Ниязбековтың жобасы аталынды. ҚР Мемлекеттік Жалауының түсі көк түсті сол жақ жиектегі қазақтың ұлттық ою-өрнегімен сары түсті алтын түстес сарымен ортасында қанатын жайып қалықтаған бүркіттің көрінісі бейнеленген. Жалаудың таза көк түсі халықтың этно-мәдени бірлігін және мемлекеттің бөлінбес біртұтастығын айқындайды. Күн - өмірдің бастауы, күш, өмірдің мәні, негізі. Күн -Геральдика заңы бойынша байлықтың молшылықтың белгісі. Рәміздегі бүркіттің сұлбасы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, мақсатқа жетуге тырысудың, болашақта жоғары өрлеудің нышанын білдіреді. ҚР мемлекеттік жалауындағы бүркіттің сұлбасы жас егеменді Қазақстанның әлемдік жоғары дамуына жетуге жетуге тырысу идеясының мақсатын білдіреді. Ұлттық ою-өрнек – қазақ халқының қолданбалы көркем өнерінің жетістігі.Осыған қарап Қазақстанның жалауын анықтауға болады.
Мемлекеттік Елтаңба
Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының елтаңбасы - Жандарбек Мәлібековпен Шота Уәлихановтың архитектуралық шығармашылық еңбектерінің жемісі. Олардың жобасы 245 жобаның ішінде байқаудан жеңімпазы атанды. Елтаңбаның орталық элементі –шаңырақ, отбасының берекелігін, тыныштық пен бейбітшіліктің нышаны. Елтаңбада киіз үйдің бүкіл құрылымдарының түрлері –түндік, киіз үйдің ашық аспаны, кереге- жиналмалы құрсаулы торкөзді киіз үйдің негізі. Биік шаңырақ, кең қабырға және мықты үйдің негізі – бұл идея елтаңбаның мазмұнын білдіреді.
Мемлекеттік Гимн мәтіні.
1943 жылы Мемлекеттік Қазақ Кеңес Республикасының әнұранын жазуға байқау жарияланды. Соңында өлеңдер сапасына байланысты А.Тәжібаев, К.Мұхамедханова, Ғ.Мусірепов сөздеріне және Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди әндері жазылған мәтін қабылданды. Мұқан Төлебаевтың шығарған әсем әуенімен әнұран елу жыл бойы орындалып келді. 1992 мен 2006 жылдар арасындағы Гимн.
1992 жылдың басында Қазақстан Республикасыныың жаңа әнұранының сөзімен әніне байқау жарияланды.Таңдау комиссиясына 750 жуық жобалар келіп түсті. Қоғамдық ойлармен талқылай келіп, бұрынғы әнұранның әуенін қалдыруды ұйғарды.Байқау жеңімпаздары төртеу болды. Оның үшеуі: М. Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, орта буын ұрпақтардың танымал ақындары. Оларға ақын Жадыра Дәрібаева қосылды.Әні сол күйінде қалдырылды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге енгізілді. Ұлттық валютаның тұңғыш ақшаларында Қазақстанның тарих, ғылым және мәдениет салаларының көрнекті тұлғалары бейнеленген. Экономикалық тәуелсіздіктің символы, елдің жемісті реформалары мен гүлденуінің басты негіздерінің болған қуатты ұлттық валюта – теңге қалыптасты. Экспозицияда – ұлттық валюта – теңге, алғашқы қағаз ақшалар көрсетілген. 1,3,5,10,20,50,100 теңгелер.
Құрылған күні: 25.07.2018 18:36
Жаңартылған күні: 25.07.2018 18:38
Қаралым саны: 4045