Бүгін, 2021 жылғы 4 ақпан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Елбасы және Тәуелсіздік» атты заманауи тарих залында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық іс-шараларға бастама жариялады
Бүгін, 2021 жылғы 4 ақпан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Елбасы және Тәуелсіздік» атты заманауи тарих залында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық іс-шараларға бастама жариялады. Жақында облыстық музейдің ғылыми қызметкерлерімен аталмыш залда заманауи Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсететін ішінара реэкспозиция өткізілген болатын. Іс-шараның қатысушылары үшін «Елбасы және Тәуелсіздік» залы бойынша тақырыптық экскурсия өткізіліп, Айна Ермекқызымен мемлекеттік қызмет, білім беру, спорт, кәсіпкерлік және мәдениет салаларында қызмет ететін Тәуелсіздіктің құрдастарымен диалог өтті.
Құрылған күні: 04.02.2021 17:37
Жаңартылған күні: 04.02.2021 17:37
Қаралым саны: 1322