Ботай қонысының бұрғыланған дөңгелек тастары
Ортасында саңылауы бар дөңгелек тастардан жасалған бұйымдар – Ботай қонысындағы табылған тастардың қатарындағы ең көп және ерекше санаттарының бірі болып табылады. Оларға деген қызығушылық, шын мәнінде, олардың тас және қола дәуірі кезеңдерінің аралығындағы ескерткіштерінде кең таралуына қарамастан, олар сирек және әрқашан толықтай мәнерлі емес үлгілерде кездесетіндігінде.
Дискінің диаметрі әдетте 3,5-тен 11 см дейін болады, ал ішкі тесіктің минималды диаметрі 6 мм-ден 2,2 см дейін. Шеті қиғаш немесе тегіс болуы мүмкін, кейде дөңгелектенеді. Шикізаты серицит минералы сияқты жұмсақ, ұсақ түйіршікті келеді. Тас бұйымдардың беті тек абразивтік техникасымен өңделген.
Бұл артефакттардың қолдану мақсаты туралы көптеген нұсқалары бар. Археологтар үшін кіші диаметрлі дискілері ұршық тасы ретінде белгілі, алайда осындай түсіндірмелерге қарама-қайшы келетін елеулі наразылық білдіретіндер де аз емес. Соның ішінде, келесі фактілер арнайы түсіндірулерді қажет етеді: осындай дискілердің тек бірнешеуі ғана бүтін келеді, бұл олардың жалпы санының 4,6% құрайды. Ал қалғандарының беткі қабаттарында соққы іздері болмаса да сынған күйінде кездеседі.
Басқа да нұсқаларына келсек Г.Ф. Коробкованың анықтамасы бойынша, энеолит дәуірінің дискісін батырғыш ретінде қолданылуы мүмкін, сонымен қоса дискіні қару ретінде қолдануға болатын нұсқалары да бар – шоқпардың басы немесе жер қазатын құралға салмақ беруші ретінде.
Дискіні пайдалану туралы көптеген теориялар олардың географиялық таралуымен байланысты. Біздің елден тыс жерлерде сыртқы пішіні Ботайдікіне өте жақын келетін бұрғыланған дискілер негізінен үш аймақта кездеседі: Африкада, Америкада және Батыс Еуропаның кейбір елдерінде.
Олар көбінесе Африка континентінің барлық жерінде дерлік кездеседі. Бірақ олар әсіресе шығыс жағалауыларында және Оңтүстік Африка Республикасында көптеп кездеседі. Америкада олардың таралу аймағы негізінен қазіргі Калифорния аумағымен шектеледі. Еуропада бұл бұйымдар Швеция, Норвегия, Германия және Финляндия музейлерінде кең таралған.
Құрылған күні: 09.02.2021 17:10
Жаңартылған күні: 09.02.2021 17:10
Қаралым саны: 1304