«Қазақтын этнографиялық категориялар ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі»
2018 жылы 28-29 шілде күндері Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Киелі Қазақстан» ғылыми орталығының басшысы, тарих ғылымының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы Бурабай ауданының киелі жерлері экскурсия барысында «Қазақтын этнографиялық категориялар ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты бес томдық энциклопедияны сыйға тартты .
Энциклопедия қазақы (көшпелі) ортадағы қоғам, адам жəне қоршаған табиғи ортаның арасындағы сан-салалы қатынастардың субъектілерін, объектілерін, сондай-ақ, осы қатынастардың жүзеге асырылу жолдары мен механизмін (ілкімді принциптері мен нормаларын) бейнелейтін этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларды қамтиды. Тиістісінше олардың этнографиялық мəн-мағынасы сипатталады. Энциклопедия ғалымдарға, жоғарғы жəне арнайы орта білім саласының мамандарына, қалың көпшілікке арналып отыр.
Құрылған күні: 31.07.2018 13:00
Жаңартылған күні: 31.07.2018 13:00
Қаралым саны: 3082