1989 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы легі Ауғанстаннан шығарылды. Содан бері бұл күн жыл сайын жарияланбаған, бірақ қатал соғыстың аяқталған күні ретінде атап өтіледі.
1989 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы легі Ауғанстаннан шығарылды. Содан бері бұл күн жыл сайын жарияланбаған, бірақ қатал соғыстың аяқталған күні ретінде атап өтіледі.
Сол уақыттан бері отыз екі жыл өтті. Бірте-бірте сарбаздар мен офицерлердің жаралары жазылып, ересек жасқа жетті, бойлары даналыққа толды. Бірақ сонау Ауған соғысы туралы естелік әлі де естерінде және оны өткен жылдар да, арадағы қашықтық та өшіре алмас.
1989 жылғы 15 ақпан көпшілік үшін сарбаздарымыз бен жауынгерлеріміз туралы қаралы хабардың аяқталған күні болып қалды. Ауыр, қайғылы жайт. Бұл соғыстан көбісі есейген, ақыл-есі кірген ер азаматтар ретінде оралды, кеуделеріне ордендер мен медальдар тағылды. Ерліктері, батылдықтары мен бостандыққа деген ұмтылыстары үшін марапатталды. Бірақ айтарлықтай жауынгерлеріміз, жерлестеріміз туған шаңырақтарына қайта орала алмады, Ауған жерінде жас бала кезінен өмірден өткен сарбаздарымыздың саны қаншама...
Соғыстан оралмаған, бейбіт уақытта өмірден өткен сарбаздарымыз туралы естелік мәңгілік.
*** фото Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің мұрағатынан.
Құрылған күні: 15.02.2021 19:28
Жаңартылған күні: 15.02.2021 19:28
Қаралым саны: 1292