Тас келі мен келсаптар
Келі мен келсап – біздің дәуірімізге дейінгі 8000 мың жылдан бері белгілі болған адамзаттың ежелгі өнертабыстарының бірі. Ол астықты ұнтақтауға және руданы үгітуде қолданылады. Біздің музейде қатты тас жыныстарынан жасалынған энеолит пен қола дәуірінің тас келсаптары сақталған.
Тас келсаптар қола дәуірінен бастап кеңінен қолданыла бастады. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың бүкіл материалдық мәдениетіне қарасақ сол кездегі олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығымен қоса кетпенді егін шаруашылығы болғандығын айғақтайды.
Андрондықтардың жер шаруашылықтары өзеннің бойлары мен қоныстардың жанында орналасты. Құнарлы және ылғалды топырақтарда ауқымды жерлер мен өзге де дәнді-дақылдар өңделді. Жерді өңдеуде тас кетпендер қолданылды. Дәнді дақылдардың ішінде тары мен бидай көптеп өсірілді. Өсірілген егінді қол орақтармен жинап болған соң астықты ұнға айналдыруда тас ұнтақтағыштар мен тіктөртбұрышты немесе дөңес келетін тас келсаптар қолданылды.
Музей экспозициясында Степняк маңынан 1938 жылы табылған тас келі мен келсап және 2003 жылы Павловка қонысынан табылған түрлі пішіндегі келсаптар көрсетілген.
Тас келсаптар тек қолөнер мен күнделікті тұрмыстарда ғана қолданылмады, кейде оны өңдеп, түрлі ғұрыптық рәсімдерді орындау үшін аса таяқ ретінде де қолданылды.
Құрылған күні: 16.02.2021 16:49
Жаңартылған күні: 16.02.2021 16:49
Қаралым саны: 1896