«Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы»
Қымбатты достар! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 2021 жылдың 19 ақпанында сағ.11.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында музей жұмысының қызметін дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, т.ғ.к. Ақан Оңғарұлы редакциясын басқарған «Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы» монографиясының тұсаукесерін өткізеді.
Іс-шарада Сарыарқаның археология, этнография, музыкалық-фольклорлық мұра, топонимика, сондай-ақ геоақпараттық картографиялау және цифрлы 3Д модельдеу мәселелері бойынша жаңа зерттеу нәтижелері жөнінде сөз қозғалады.
Аталмыш тұсаукесердің қатысушылары мен Көкшетау қ. мәдени зиялы қауым өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен сөз алмасу бірегей мүмкіндігіне ие болады.
Құрылған күні: 18.02.2021 17:05
Жаңартылған күні: 18.02.2021 17:05
Қаралым саны: 1239