Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

«Біздің өміріміздің Эко-стратегиясы»

«Біздің өміріміздің Эко-стратегиясы»

2 ақпан  дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күніне арналған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әулет» МТЖО-мен бірге «Біздің өміріміздің Эко-стратегиясы» атты экологиялық конференциясы өткізілді.

Конференция өткізудің мақсаты: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;экологиялық білімді насихаттау;өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, экологиялық білім және тәрбие құрамын ұйымдастыру.
 
Конференцияның құрметті қонақтары: биология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің аға оқытушысы Құрманбаева Айгүл Сапарбекқызы; Ақмола облысы бойынша экология Департаментінің зертхана-аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы Нұрахмет Айқын Алданышұлы.
 

Конференция жұмысына Көкшетау қ. білім мекемелерінің оқушылары, көшбасшы зияткерлер, БАҚ өкілдері шақырылды.

Яндекс.Метрика

A+AA-