Қола жебенің ұштары
Қазіргі таңда, әртүрлі археологиялық олжалардың көптеп табылуының нәтижесінде тарих ғылымына деген шынайы қызығушылық артуда. Археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі, көбінесе жерлеу орындарынан табылатын жебе ұштарының жасалу әдісі мен формасына тоқталатын болсақ олардыңнегізгі материалы көбінесе қола болып табылады. Ақмола облысы аумағында табылған жебенің көбісі қола мен темірден жасалған. Жебе ұштарының ағаштан, сүйектен және т.б материяалдардан жасалуы өте сирек кездеседі.
Қоладан жасалған жебе ұштарының пішіндері әрқилы, бірақ көбінесе екі және үш қырлы болып табылады. Осы кезеңге қарасты, ең көне, архаикалық болып табылатын жебе ұштары екі қырлы, кішкене жапырақ тәріздес болып келеді. Мұндай жебе ұштары қола дәуірі мен ерте темір дәуірінде кездеседі. Осындай жебе ұштары кейде ерте ортағасырлық кезеңдерде де кездесіп жатады.
Ал темір дәуіріне жататын жерлеу орындарынан жебе ұштары өте көптеп табылған. Оған мысал ретінде музей экспозицияларындағы көрсетілгенЗеренді ауданының Орманды-бұлақ және Алтынтау қорымдарынан табылған археологиялық жәдігерлер дәлел бола алады. Темірден жасалған жебелердің ұштары екі және үш қырлы болып та кездеседі. Көбінесе қауырсын тәрізді немесе үшбұрышты пішінді, тікенекті үлгілері бар. Темірден жасалған алғашқы жебе ұштары б.з.д. V-IV ғғ. соңында пайда болады.
Зейнолла Самашевтың деректеріне сүйенетін болсақ, ерте темір дәуіріндегі қолданыстағы жебенің ұштары әртүрлі болған. Олардың ішінде қоладан жасалған, жапырақша тәріздесте формалар кездеседі. Сонымен қосаЕрмолаеваның деректерінде қола дәуірінің соңғы кезеңінде жебе ұштары көбінесе өткір, жауынгерлік мақсатта қолданылғаны айтылады. Ал Медведьевтің деректерінде қола дәуіріндегі ромб немесе тұрақты ромб емес формалары көптеп кездесетіндігі айтылған.
Құрылған күні: 24.02.2021 10:51
Жаңартылған күні: 24.02.2021 10:51
Қаралым саны: 1950