Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінде облыс музейлеріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысы туралы облыстық музейі мен филиалдары ғылыми қызметкерлерінің отырысы өтті
Бүгін,13 тамыз күні Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінде облыс музейлеріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысы туралы облыстық музейі мен филиалдары ғылыми қызметкерлерінің отырысы өтті. Облыстық музейінің директоры Қ.Ғ.Шақшақов өз сөз кезегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қабылдағаннан бері қазіргі кезде музей жұмысы дамудың жаңа айналымына көшіп келе жатқанын, жұмыс пен экспозициялаудың жаңа әдістері қолданылатынын атап көрсетті, екінші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспары белгіленді. Жұмыс барысында І.Есенберлин әдеби музейі мен Бөгенбай батыр атындағы Ерейментау тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері 2018 жылдың 1 жарты жылдығындағы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Әрі қарай аудан музейлерінің меңгерушілеріне «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залының жаңа экспозициясы бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді және Бурабай тарихи – өлкетану музейі мен «Ботай – Бурабай» ашық аспан астындағы музейін тамашалау мақсатында Бурабай ауданына барды.
Құрылған күні: 13.08.2018 18:57
Жаңартылған күні: 21.08.2018 10:28
Қаралым саны: 1924