Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

В.И.Вернадскийдің туғанына 158 жыл

В.И.Вернадскийдің туғанына 158 жыл 0 В.И.Вернадскийдің туғанына 158 жыл 1

Құрметті достар! Бүгін, 12 наурыз күні ХХ ғасырдың ресейлік табиғат зерттеушісі, геолог, кристаллограф, минералог, геохимик, радиогеолог, биолог, биогеохимик, философ, тарихшы және ғылыми ұйымдастырушы, ірі қоғам қайраткері, адамзаттың ұлы азаматы деп санауға болатын ғұлама ғалым Владимир Иванович Вернадскийдің (1863-1945) туған күні.

Ұлы Отан соғысының басында Бурабайға кеңес ғалымдарының үлкен тобы эвакуацияланды. Олардың ішінде әлемге әйгілі ғалымдар да болды. 1941 жылдың 16 шілдесінде Вернадский жұбайымен және жақындарымен бірге басқа академиктар тобымен Қазақстанға жол тартты. Ол жерде «Биосфера және оны қоршаған ортаның химиялық құрылымы», «Өмірімнің бас кітабы» атты еңбегінің бірінші томын аяқтады, ғалымның айтуынша соңғы тарауы ноосферамен аяқталуы тиіс еді. Владимир Иванович Бурабайда ғалымның өмірі, оның қызметі және қоршаған ортадағы оқиғаларға бай мәлімет көзі - «Хронология» атты үлкен еңбегін жаза бастаған.

В.И. Вернадскийдің 700-ден аса басылып шығарылған еңбектері бойынша оның зор ғылыми қызметінің нәтижесін көруге болады.

Яндекс.Метрика

A+AA-