Қоғамдық марапаттары мен атақтары бойынша Қазақстан қоғамдық бірлестігінің президенті Жаңабаев Асылхан Хамитұлының қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді
Бүгін, 2018 жылдың 16 тамыз күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық марапаттары мен атақтары бойынша Қазақстан қоғамдық бірлестігінің президенті Жаңабаев Асылхан Хамитұлының қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді. Осы іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімова, зиялы қауым өкілдері, Ақмола облысының Ауған соғыс ардагерлері одағы, Көкшетау қаласының БАҚ қатысты. Баспасөз-конференциясы барысында А. Х. Жаңабаев ұлы тарихи қайраткерлерге, атап айтқанда: Ұлы хандар – Жәнібек пен Керей хандарға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға, ұлы би – Төле биге, аты аңызға айналған Сақ Патшасы Томириске, Ұлы жаулап алушы Шыңғыс ханға, аты аңызға айналған қолбасшысы және Ғұн тайпаларының көсемі – Еділге, Ұлы қолбасшы Александр Македонскийге арналған қоғамдық ордендердің жиынтығын музейге тапсырды, сондай-ақ жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге шақырылған осы наградалардың жасалу тарихының идеясын айтып берді. Баспасөз-конференцияның барлық қатысушыларына, сондай-ақ Instagram парақшасындағы тікелей эфирді тамашалаған біздің барлық жазылушыларымызға алғысымызды білдіреміз.
Құрылған күні: 16.08.2018 17:14
Жаңартылған күні: 21.08.2018 10:25
Қаралым саны: 2621