«ЖАҢҒЫРУ ТРЕНДТЕРІ» Республикалық жастардың жазғы білім беру лагерінің ІІ ауысымының ашылу рәсімі өтті
2018 жылдың 17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен Ақмола облысының «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлының қатысуымен «ЖАҢҒЫРУ ТРЕНДТЕРІ» Республикалық жастардың жазғы білім беру лагерінің ІІ ауысымының ашылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен бірлесе отырып, Ақмола облысының киелі жерлерінің макеттері мен ақпараттық стендтері көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейі макеті ұсынылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылғы 15 тамыз күні ресми ұсынылған Мәлік Ғабдулиннің 11 томдық еңбектері көрменің лайықты орнына ие болды.
Құрылған күні: 18.08.2018 11:44
Жаңартылған күні: 21.08.2018 10:27
Қаралым саны: 1868