Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің кешенді тарихи – этнография экспедициясы өз жұмысын бастады
20 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» музейлік инновациялық жобасын іске асыру аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің кешенді тарихи – этнография экспедициясы өз жұмысын бастады. Экспедицияның мақсаты - «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» атты музей жобаның аясында Есіл өзенінің ландшафттағы рөлін зерттеу (археология, экология, тарихы) және негізгі мінездемесін анықтау, өзенінің экологиялық жағдайы мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне алаңдаушылық тудыру, топонимикасымен танысу, музейлік маңыздылығы бар заттарды жинау, өлкетанушылармен кездесу және т.б.
Құрылған күні: 22.08.2018 9:38
Жаңартылған күні: 22.08.2018 9:38
Қаралым саны: 1884