Ботай мәдениетінің қыш ыдыстары
Бүгін, 9 сәуір күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі "Ботай музей-қорығы" РМКК-мен бірлесіп, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында "Ботай мәдениетінің қыш ыдыстары" семинарын өткізуде.
Арнайы шақырылған қонақ - тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Рахымжанова Сәуле Жангелдіқызы Ботай мәдениетінің қыш ыдыстарын дайындау технологиясының қыр-сырларын айтып берді. Сондай-ақ, семинардың қатысушыларына экскурсия жүргізілді.
Құрылған күні: 09.04.2021 15:32
Жаңартылған күні: 09.04.2021 15:32
Қаралым саны: 1659