Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күні құтты болсын әріптестер!
Біздің еліміздің аса бай тарихы бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан көптеген бірегей тарих және мәдениет ескерткіштерінде, дәуірлік және қорық орындарында, діни киелі орындарда және көркем құндылықтарда көрініс тапқан. Осы кеңінен танымал қорықтық, тарихи орындар, құрылыстар, көне заттар мемлекетіміздің қайталанбас мәдени мұрасы болып табылады.
Мәдени мұра объектілерін сақтау және танымал ету – асыл әрі күрделі миссия.
Ақмола тарихи-өлкетану музейі ескерткішті және оған іргелес аумақты санитарлық тазалау акциясы аясында С.Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтының ішкі ауласында орнатылған Смағұл Сәдуақасовтың бюстін және коттедж кенті ауданындағы аттас саябақта орнатылған Кеңес үкіметін орнатқаны үшін күрескендерге арналған ескерткішті ретке келтірді.
Құрылған күні: 18.04.2021 13:47
Жаңартылған күні: 18.04.2021 13:47
Қаралым саны: 1595