Бүгін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде оқуда үздік және қоғамдық жұмыста белсенді оқушыларды "Жас Ұлан" қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті
Бүгін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде оқуда үздік және қоғамдық жұмыста белсенді оқушыларды "Жас Ұлан" қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Бірлестіктің қатарына қабылданған ең үздік балалар өз мектебінің, қаласының және облысының намысын бірнеше рет қорғаған белсенді оқушылар. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев осындай 10 оқушыға галстук тақты. Іс - шараға қатысушылар үшін музей залдары бойынша экскурсия өткізілді.
Құрылған күні: 05.05.2021 17:39
Жаңартылған күні: 05.05.2021 17:40
Қаралым саны: 1077