14 мамыр күні "Аңыз ескен Атбасар" атты музей инновациялық жобасын іске асыру аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырумен Атбасар тарихи-өлкетану музей филиалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Халықаралық музей күніне арналған "Мемлекеттік тарихи-мәдени "Ботай" музей-қорығында Атбасар өлкесінің тарихын насихаттауға арналған "Аңыз еткен Атбасар" тақырыбына көрменің ашылу салтанаты өтті
14 мамыр күні "Аңыз ескен Атбасар" атты музей инновациялық жобасын іске асыру аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырумен Атбасар тарихи-өлкетану музей филиалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Халықаралық музей күніне арналған "Мемлекеттік тарихи-мәдени "Ботай" музей-қорығында Атбасар өлкесінің тарихын насихаттауға арналған "Аңыз еткен Атбасар" тақырыбына көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде Атбасар өлкесінің ерте заман дәуірінен бастап, қазіргі заман тарихына дейінгі тарихымен таныстырылып, жәдігерлер көрсетілді. Ашылу салтанатында Мемлекеттік тарихи-мәдени "Ботай" музей-қорығының директоры Кулбаев Уалихан Қайроллаұлы, Айыртау ауданының құрметті азаматы, Айыртау ауданының қиын жағдайға түскен балаларды қолдау орталығының директоры Қалиев Елемес Сауленұлы, КМБ "Айыртау ауданының туризм және кәсіпкерлер бөлімінің" басшысы Махметов Аманбек Ғазизұлы қатысып, сөз сөйлеп, көрменің маңыздылығына тоқталып өтті. Көрмені мамыр айының 31-ші жұлдызына дейін тамашалауға болады.
Құрылған күні: 14.05.2021 13:40
Жаңартылған күні: 14.05.2021 13:40
Қаралым саны: 1373