Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Анар Алкешқызы Ілиясова

Анар Алкешқызы Ілиясова

Атбасар тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

  • Телефон:8 (71643) 2-41-03
  • E-mail:atbasar_ikm@aqmola.gov.kz


Атбасар тарихи-өлкетану музейі

Атбасар тарихи-өлкетану музейі 0 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 1 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 2 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 3 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 4 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 5 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 6 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 7 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 8 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 9 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 10 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 11 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 12 Атбасар тарихи-өлкетану музейі 13

Музей №2 Атбасар қалалық кітапханасының меңгерушісі және

жергілікті өлкетанушы Клара Әмірова жинаған өлкетану материалдары негізінде құрылды. Музей ресми түрде 1978 жылдың 5 қарашасында ашылды. Музейге тарих және сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын 1911 жылы салынған ғимарат (көпес А.Беловтың бұрынғы үйі) берілген.
Революциядан кейін бұнда полктың комиссары Н.Д. Виднеев басқарған С.Разин атындағы революциялық уездік комитет орналасқан.
Музей экспозициясы екі қабатты ғимараттың 12 залын қамтиды.
Бірінші қабатта өлкенің бай және түрлі флорасы мен фаунасын көрсететін табиғат залы орналасқан. Археология залында ауданның археологиялық картасы, тас және кремний еңбек құралдары, сөрелер мен диорамаларда палеонтологиялық олжалар орналасқан.
Этнографиялық залдың экспозициясы ішкі киіз үй интерьері, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, ағаштан және былғарыдан жасалған заттар, киіз, қолдан тоқылған кілемдер және зергерлік бұйымдар, сондай-ақ, қазақ этнографы Мейрам Жанайдаров өмірімен таныстырады. «Қала тарихы» залында Ресей, Украинадан қоныс аударушы шаруалардың бірегей құжаттары мен тұрмыстық заттары, сонымен қатар 1914-1937 жж. аралығындағы өлке тарихын көруге болады.
Жеке экспозиция Атбасардың Ұлы Отан соғысы (1941-45) мен Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіне, сондай-ақ атақты адамдар, Атбасар ауданының тумалары, XX ғасырдың ортасының өндіріс озаттарына арналған.
2018 жылы археология, этнография, ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Атбасар ауданының тарихы залдарына реэкспозиция жүргізілді, сонымен қатар, Алаш Орда партиясының қайраткерлеріне арналған облыстағы жалғыз зал ашылды.
2019 жылы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атбасар ауданының Ұлы Отан соғысы және тың кезеңіне арналған жаңартылған зал ашылды.
Атбасар қ. құрылғанына 175 жыл толуына орай «Аңыз ескен Атбасар» жобасы аясында Атбасар қ. тарихы залына реэкспозиция, сондай-ақ, атақты Атбасар ауданының жәрмеңкесін өткізу
жоспарланған.


Атбасар қ.
Женіс көш., 38
8(716 43) 2-41-03
E-mail: atbasar_ikm@aqmola.gov.kz

Яндекс.Метрика

A+AA-